Домой Новости Боксшы Айдар Шәрібаев кезекті жеңісінен соң елге оралды

Боксшы Айдар Шәрібаев кезекті жеңісінен соң елге оралды

Жеңіліп көрмеген қазақ боксшысы кезекті жеңісінен кейін елге оралды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

БОКСШЫ АЙДАР ШӘРІБАЕВ КЕЗЕКТІ ЖЕҢІСІНЕН СОҢ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ. ФОТО: NUR.KZ

Айдар Шәрібаевты достары мен туыстары құшақ гүлмен және шапанмен күтіп алған.

Еске салсақ, Айдар Шәрібаев 4 қазан күні АҚШ-тың Киссими қаласында кәсіпқой бокстағы өзінің жетінші жекпе-жегін өткізіп, қарсыласын нокаутпен жеңген еді.

Қарсыласы 31 жастағы колумбиялық Даулис Прескотт болды. Ол кәсіпқой шаршы алаңда 2006 жылдан бері жүр. Содан бері 36 жекпе-жек өткізіп, 31-інде жеңіске жеткен. Оның 23-інде қарсыластарын нокаутқа түсірген.

Ал Айдар болса, 2014 жылдан бері алты рет кәсіпқой шаршы алаңға шықты. Қазақ боксшысы бәрін жеңіп, бесеуінде жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтаған.

comments powered by HyperComments