
Жеңіліп көрмеген қазақ боксшысы кезекті жеңісінен кейін елге оралды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.
БОКСШЫ АЙДАР ШӘРІБАЕВ КЕЗЕКТІ ЖЕҢІСІНЕН СОҢ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ. ФОТО: NUR.KZ
Айдар Шәрібаевты достары мен туыстары құшақ гүлмен және шапанмен күтіп алған.
Еске салсақ, Айдар Шәрібаев 4 қазан күні АҚШ-тың Киссими қаласында кәсіпқой бокстағы өзінің жетінші жекпе-жегін өткізіп, қарсыласын нокаутпен жеңген еді.
Қарсыласы 31 жастағы колумбиялық Даулис Прескотт болды. Ол кәсіпқой шаршы алаңда 2006 жылдан бері жүр. Содан бері 36 жекпе-жек өткізіп, 31-інде жеңіске жеткен. Оның 23-інде қарсыластарын нокаутқа түсірген.
Ал Айдар болса, 2014 жылдан бері алты рет кәсіпқой шаршы алаңға шықты. Қазақ боксшысы бәрін жеңіп, бесеуінде жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтаған.