
Атышулы хэллоуин мерекесі өтіп кетсе де, “ештен кеш жақсы” деп қазақтың ұлттық киімін киіп, қорқынышты келбетін көпшілікке көрсеткен бойжеткен желі қолданушыларының ашуына тиді деп хабарлайды NUR.KZ.
ФОТО: INSTAGRAM
Instagram желісіне Kween_t_ аккаунтымен тіркеліп, отыз мыңға жуық оқырман жинаған қыз үнемі ашық-шашық образдарымен бөлісіп отырады.
Бұл жолы ол жұрттың “қазақша көйлек кимейсің бе” деген сын-пікірін ескеріп, ұлттық нақыштағы камзол мен көйлек киіп отырған арнайы суретін жариялаған.
“Міне, достар! Бәрі де сіздер үшін. Ештен кеш жақсы. Хэллоуин құтты болсын!”, – деп жазады бойжеткен.
Түр-әлпетін құбыжық секілді бояп алған ол ешкімге сенбейтінін алға тартып, “бетімді өзім әрледім” деп мақтанды.
comments powered by HyperComments