
NUR.KZ оқырманы WhatsApp +7 771 718 15 57 нөміріне Алматыдағы автобустардың бірінде болған жанжалдың видеосын жолдады.
БОЙЖЕТКЕНГЕ БЕЙТАНЫС АЗАМАТ КӨМЕКТЕСУДЕ. ФОТО: NUR.KZ
“38 автобуста Әл-Фараби даңғылымен келе жаттым. Автобус жүргізушісі аялдамада тосып тұрған жолаушыларға тоқтамастан кетіп қалды. Жолаушылар автобустың соңынан шалшық суды кешіп, бекерге жүгірді. Автобустағы жолаушылардың бірі жүргізушінің бұл құлығына ашуланып, шу шығарды”, – деп болған жайтты баяндады куәгер.
ЖАНЖАЛҒА ШАМАМЕН ОН АДАМ ҚАТЫСҚАН
“Автобус жүргізушісі бұл әрекетін артында келе жатқан тағы үш автобусты байқағанымен түсіндірді. Жүргізуші осылайша әріптестеріне жолаушыларды бөліп бермек болған көрінеді.
КОНДУКТОР ВИДЕО АВТОРЫНАН ТЕЛЕФОНЫН ТАРТЫП АЛМАҚ БОЛҒАН
Нәтижесінде автобус ішінде жанжал туып, жүргізушінің әрекетін жақтағандар мен даттағандар айқайға басты.
АВТОБУС ІШІ
Ақай-шу тек автобус ішіндегі бойжеткеннің жағдайы нашарлап кеткеннен кейін тоқтады. Жолаушылар бойжеткенге жабыла көмектесіп, жедел жәрдем шақыртқан.
Жүргізушіге дауыс көтерген әйел мен екі жігіт бойжеткенмен аялдамаға шығып, дәрігерлер келгенше оның қасында болды. Жігіттердің бірі, тіпті бойжеткенге өз күртешесін шешіп берді. Әрі қарай не болғанын білмедім”, – дейді видео авторы.
БОЙЖЕТКЕННІҢ ЖАҒДАЙЫ НАШАРЛАҒАННАН КЕЙІН ЖАНЖАЛ ТОҚТАП ҚАЛДЫ
Тағы оқыңыздар:
comments powered by HyperComments