Домой Новости Абаев: Әбілязов Қазақстандағы интернетті басқармайды

Абаев: Әбілязов Қазақстандағы интернетті басқармайды

Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев “МедиаҚұрылтай” конференциясына қатысып, Әбілязов туралы сұрақтарға жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Абаев: Әбілязов Қазақстандағы интернетті басқармайдыДӘУРЕН АБАЕВ. ФОТО LITER.KZ

Нақтырақ айтқанда, Абаев “экс-банкир Мұхтар Әбілязовтың сөз сөйлеуі кезінде Интернетте ақаулар не себепті жиі болады?” деген сауалға жауап берген.

“Әбілязов интернетті басқармайды, оны сіздер жақсы білесіздер. Сіздер интернет қалай қолжетімді болатынын түсініп алуларыңыз керек. Бұл күрделі жүйе. Біз оны ауадан емес, кабель арқылы аламыз. Сәйкесінше, кей кездері техникалық ақаулар болуы әбден мүмкін. Олар жиі болып жатады. Бізде Интернетті ала алатын бар-жоғы бес халықаралық байланыс операторы бар.

Яғни бірінде Beeline, бірінде Kcell жұмыс істемей қалуы мүмкін. Техникалық ақаулар тұрақты түрде болып тұрады. Себебі, соңғы бес жылда тұтынылатын ақпарат легі 250 есеге көтерілген. Бұл үлкен көрсеткіш”, – дейді министр.

Абаев Facebook желісі де, Instagram желісі де Қазақстанда бұғатталмайтынын алға тартты.

Айта кетсек, елімізде жыл басынан бері шамамен үш мың сайт бұғатталған.

comments powered by HyperComments