АҚШ-тың Техас штатындағы Сазерленд-Спрингс қаласында 20 адам оққа ұшып, 24-і жараланды. Оқиға баптистер шіркеуінде болған деп хабарлайды 24.kz.
ОҚИҒА ОРНЫНАН. ФОТО: ШЕТЕЛДІК БАҚ
Қаскөйдің өзі сол маңда көліктен өлі күйінде табылды. Оны жергілікті тұрғындардың бірі атқан болуы мүмкін. Оның кім екені және бұл қадамға не үшін барғаны әзірге анықталған жоқ.
Белгілісі – ақ нәсілді, 25 жас шамасындағы ер адам. Куәгерлердің айтуынша, қаскөй мылтығын қайта-қайта оқтап, шіркеуге келгендерге бірнеше мәрте оқ атқан.
Бұл оқиға туралы Азия елдерінде сапарда жүрген АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter-дегі парақшасында: «Техастағы Сазерленд-Спрингстегі адамдарға құдай жар болсын», – деп жазды.
Шіркеу маңы қазір қоршауға алынған.
comments powered by HyperComments