Елордада “Астана аруы-2017” сұлулық байқауының финалы болып өтті. 21 жастағы Нұрсұлу Бегжанова Астананың ең көрікті аруы ретінде таңдалды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.
МАЙМУНА ҚҰЛКЕШОВА, НҰРСУЛУ БЕГЖАНОВА МЕН АНАСТАСИЯ ШИМИНА. ФОТО NUR.KZ
Кеш жеңімпазына “Астана аруы-2016” Елназ Нұрсейітова мен боксшы Василий Левит тәжді табыстады.
Олар елорда сұлуына күміс тәжді сыйға тартты.

Жеңімпаз “Қазақстан аруы – 2017” байқауында Астананың атынан шығатын болады. Бір қызығы, биыл қала аруына қаржылай сыйақы берілмейтін болған.

“Енді мен бұл байқаудан соң өз күшіме сене түсіп, шын мәнінде сұлу екеніме көз жеткізе алдым. Өз жеңісімді мен Астана қаласына арнаймын”, – деді сұлу бойжеткен.

Қаланың сұлуы атағына 17-24 жас аралығындағы 18 бойжеткен таласқа түсті.
Алғашқы шыққанда олар алтын түстес көйлек киіп, елді тамсандырды.

Ал екінші мәрте олар ақ түсті, етегі ұзын көйлек киді.

Үшінші ретте олар қысқа белдемше киіп шықты.

Соңғы көрсетілімде олар алуан түрлі кеш көйлектерін елге көрсетті.

Сұлулардың көркін сарапқа салған әділқазылар алқасы қатарында “Астана аруы” байқауының директоры Ольга Радеш, боксшы Василий Левит, әнші Ринат Мальцагов, сәнгер Қайролла Әбішев және т.б. болды.


Бірінші вице-мисс болып 18 жастағы Анастасия Шимина танылды.


Екінші вице-мисс жүлдесін Маймуна Күлкешева есімді 19 жастағы ару алды.

