Діни басқарма жанындағы «Зекет» қоры Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қасымбек ауылында өмір тауқыметін тартқан, асыраушысы жоқ отбасыға үй салып берді.
ФОТО: ҚМДБ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Рогоза Галина апаның бір қызы қауіпті дертке шалдығып, жұмысқа жарамсыз болып қалған. Одан бір немере қызы бар. Ол жоғарғы білімі жоқ, күнделікті диқаншыларға жалданып, егістікте жұмыс істейді. Одан үш шөбере бар, екі ұл, бір қызы мектепте (7-6-3 сыныптарда) оқиды.

Ұлты молдован кейуана мешіттен азық-түлік, қаржылай көмек алып, кейін үйлерінің апатты жағдайда тұрғанын айтып, арыз жазып келеді. Имамдар тексере келе үйлерінің расында да апатты жағдайда екенін көріп, жаңа үй салып беруге шешім қабылдаған.
ФОТО: ҚМДБ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Нәтижесінде дін қызметкерлері тұрмыс тауқыметін тартқан отбасына зәулім үй салып берді.

Салтанатты шараға Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы арнайы қатысып, үйдің кілтін табыс етеді.
comments powered by HyperComments