
Ресейлік актер Сергей Светлаков Астанадан ашқан мейрамханасының мерейтойына арнайы келіп, ЭКСПО-дан соң бағасы арзандап кеткен пәтер алуға келгенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

«Мен арзан пәтер сатып алу үшін арнайы бір күн бұрын ерте келдім. Білуімше, ЭКСПО-дан соң пәтер бағасы да түсіп кеткен. Саш, өзіңе пәтер алдың ба? Олардың қабырғаларында жарықтар болса да, бағалары өте арзан”, – деп әзілдеді Светлаков.
«Екі пәтер сатып алдым. Олардың үстіне тағы қосып береді”, – деп жауап берді ресторатор Александр Орлов.
Шоумен ЭКСПО қарсаңындағы дүрбелеңді де есіне алды.
«Таңертең ұшып келгенде әуежайдың быт-шыты шығып жатқан. Кешке қайтарда тіпті асфальт төселіп қойған. Ағаштар жайқалып тұр. Жай ғана ағаштар емес, құстардың ұясы бар ағаштар. Бір күннің ішінде бұл қалай болғаны? Бұл елордадағы ғажайыптардың бірі», – дейді әзілкеш.
Айта кету керек, ұйымдастырушылар мейрамхананың мерейтойына орай арнайы қолтырауын әкеліп, қонақтардың көңіл-күйін көтерді.
Светлаков мейрамханасының мерейтойлық менюі де ерекшелінді. Қонақтар бөтелкесі 2 млн теңге тұратын коньякты көріп таң-тамаша болады.
comments powered by HyperComments