Оңтүстік Кореяның ең танымал актері Ким Чжу Хек өз көлігімен кетіп бара жатып жантүршігерлік жол апатына түскен. Дәрігерлер оның өмірін аман алып қалуға тырысқанымен, актер ауруханада жан тәсілім етті деп хабарлайды NUR.KZ.
КИМ ЧЖУ ХЕК. ФОТО: WWW.YESASIA.RU
Осы уақытқа дейін 15 шақты фильм мен 8 сериалға түскен атақты актер 45 жасында көз жұмды.

Оның сүйіктісі әрі актриса Ли Ю Ен актердің өлімі туралы Пусан қаласында болып жатқан “Бегущий человек” шоуының түсірілімі кезінде білген.

Актердің қазасына байланысты Сеулдегі айтулы шаралар кейінге шегерілді.
comments powered by HyperComments