Қазақ тілінде еркін сөйлейтін парламент мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских шаңырақ көтерді деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Парламенттегі ең жас депутат Геннадийдің таңдаған жарының есімі – Мөлдір. Екі жастың тойы Қызылорда қаласындағы «Орда» мейрамханасында өткен.

Геннадийді ата-анасы мен отбасындағылар Алтынбек деп атайды. Ол қазақ тілінде еш мүдірмей сөйлейді.
Өзінің айтуынша, тіпті қазақша ойлайтын көрінеді. Бұл жолы ата-анасы Мұрат пен Баян Геннадийге қалыңдықты қазақы дәстүрмен құда түсіп, алып берген.
comments powered by HyperComments