Астанада қазақ күресінен өтіп жатқан әлем чемпионатында абсалютты салмақта грузин түйе балуаны Гуга Кибордзайдзе бас жүлдені иеленді, деп хабарлайды Baq.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.
ФОТО: НҰРЖАС ЖАҚСЫБАЙ /BAQ.KZ
Финалда Гуга Кибордзайдзе тәжік Дадахон Құрбанәлиевпен күресті. Қос балуан бір-бірін ала алмай, ұзақ уақыт алысты. Алайда соңғы минуттарда Гуга Кибордзайдзе қарсыласынан басым түсті.

Осылайша грузин түйе балуаны абсалютты салмақта әлем чемпионы атанып, бас жүлдеге тігілген 5 мың АҚШ долларын жеңіп алды.
ФОТО: НҰРЖАС ЖАҚСЫБАЙ /BAQ.KZ
Жалпы қазақ балуандары әлем біріншілігінде алты алтын, бір қола медаль еншіледі.
comments powered by HyperComments