Танымал сауда орталығының дәл алдында екі адам жанжалдасып қалып, бірі екіншісін қан-жоса етіп сабап тастады. Құлап жатқан жігітті куәгерлер ұялы телефонға түсіріп алған деп хабарлайды Ктк арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Міне, көліктердің арасында ер-адам сұлап жатыр. Таяқ жеген 33 жастағы жігіт ауруханаға жеткізілді. Миы зақымданған және кеудесінен жарақат алған. Ал оны соққыға жыққан 35 жастағы азаматты полицейлер бірден ұстап, изоляторға жапты.
Бірін-бірі танымайтын екеу жанжалдасып қалып, соңы төбелеске ұласқан екен. Күдіктінің айтуынша, таяқ жеген адам мас болған. Себепсіз балағаттап, намысына тиіпті. Қанды оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүруде. Сондай-ақ, сақшылар қан-жоса болып жатқан жігіттің қалтасын тінтіп, белгісіз бір затын алып кеткен адамды да іздестіруде. Ал төбелес болған сауда орталығының алды әлі қанға боялған күйде жатыр.
comments powered by HyperComments