Ақтауда аяғы ауыр келіншек қарнын жарып тастаған. Жедел жәрдем бригадасы ауыр жағдайдағы келіншекті 26 қараша күні сағат 2:00-де ауруханаға жеткізіп, дәрігерлер жедел түрде ота жасаған деп хабарлайды Лада сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
«Науқас әйелдің жасы 26-да, аяғының ауырлығы 17-18 апта. Кеудесінің асқазан тұсы кесілген. Жарақаты ота кезінде тігілді. Қазіргі жағдайы орташа ауыр. Өзі демала алады. Ауруханаға жеткізілген кезде ішімдіктің иісі шығып тұрды», – дейді хирургия бөлімінің жетекшісі Талғат Мұқантаев.
Әзірге келіншектің қарнын жаруына не түрткі болғаны белгісіз. Оның ішіндегі баласына да қатысты артық мәлімет жоқ.
comments powered by HyperComments