Домой Біз туралы Телеарнаның мақсаты

Телеарнаның мақсаты

«Халық арна» телеарнасының 2017-2020 жылдарға арналған даму концепциясы.

Жалпы мәселелер

 

«Халық арна» телеканалы Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістігінде ұлттық-этникалық контентті кеңейтуді көздейді. Қазақстанның ақпарат туралы заңдық талаптары мен нормативті актілерін басшылыққа алады. «Халық арна» телеканалы Елбасының саясатын қолдауды, насихаттауды және халыққа түсіндіруді өзінің негізгі міндеттерінің бірі деп біледі. «Халық арнаның» мақсаты жалпыхалықтық, жалпымемлекеттік танымал телеарналардың қатарынан көріну. Негізгі мақсатты орындау жолында «Халық арна» Қазақстан халқына пайдалы, жас ұрпақты тәрбиелеуге ықпалын тигізетін, ел өмірінің түрлі салалары үшін пайдалы және маңызы бар хабарлар сеткасын ұсынады. «Халық арна» телеканалының идеологиясын Елбасының «Болашаққабағдар – рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы қағидаттық тұжырымдар мен идеялар айқындайды. Демократия құндылықтары, прагматизм және ұлтжандылық «Халық арна» хабарларының рухани-мазмұндық ұлт тағанына айналады. Халыққа қажетті, оны қызықтыратын, жаңаша ойлауға бастайтын ақпараттар легін ұсына отыра «Халық арна» өзінің Республикадағы рейтингін көтереді. «Халық арна»  телеканалының ұжымы Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін ақпараттық кеңістікте нығайта беруді өзінің ең қасиетті борышы деп біледі.

 

Мақсаттары мен міндеттері:

 

  • Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың өмірін, мемлекеттік қызметін, қайраткерлігін Қазақстан халқына үлгі-өнеге ретінде көрсетіп тәрбиелеу;
  • Қазақстан халқының рухани жаңғыруы үрдісіне үн қосу, халықтың ұлттық кодын оятуға көмектесетін телехабарлар ұйымдастыру;
  • Қазақстан халқын қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге ықпалын тигізетін, жастарда отаншылдық пен мемлекеттілік рухын қалыптастыратын ел тұлғаларының өмірі мен қызметін насихаттау;
  • Қазақ халқының үш ғасырға жуық бодандық езгіде болуынан туындаған негативті құбылыстар мен үрдістер туралы халыққа нанымды, ғылыми негізделген ақпараттар беру;
  • Отарлық езгіге қарсы күрескен ұлт-азаттық қозғалысының қайраткерлерінің өмірі мен қызметін жас ұрпақтың жадыднда жаңғырту арқылы қазақ ұлтының тарихи жадының нығаюына үлес қосу;
  • Әлемдік үрдістерге, мемлекеттер тағдырына ықпалын жасайтын жаһандық мәселелерге байланысты ел халқына түсінікті сараптамалар жасап отыру;
  • Қазақстан халқының 43 пайызы тұратын ауыл-село халқы және оның өмірлік мәселелері туралы проблемалық телехабарлар ұсыну;
  • «Халық арнада» халықтың түрлі әлеуметтік топтарына қызықты, көңіл көтеруге арналған клиптер, сюжеттер, топтамалық материалдар ұсыну;
  • Ел халқының салауатты өмір салтына бетбұрыс жасауын тәрбиелейтін спорт, әйгілі спортсмендер жайында телехабарлар ұйымдастыру;
  • Қазақтың дәстүрлі музыкалық өнерін, биін, қазіргі эстрадасын, театры мен балет өнерін насихаттау және өнер жұлдыздары туралы жүйелі хабарлар беру;
  • Қазақстан халқының топтасуына, қоғамдық және ұлтаралық келісімінің нығаюына, елдегі саяси тұрақтылықтың күшеюіне «Халық арнаның» идеологиялық потенциалын жұмылдыру.

 

«Халық арна» телеканалының өз қызметінде басшылыққа алатын негізгі принциптері:

 

  • «Халық арна» ұжымы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін қолдау, нығайтуға бағытталған мемлекеттілдік принципіп ұстанады;
  • Елбасының Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуына қосқан зор үлесін насихаттау, Президеттін Қазақстанды рухани жаңғырту, экономикалық модернизациялау және инновациялық дамыту принциптерін басшылыққа алады;
  • Телеарна әлемдік БАҚ ұсынатын халыққа таралатын ақпараттың объективті, жылдам, көрерменге тартымды және қызықты болуы принципін іске асырады;
  • «Халық арна» Қазақстан халқына бақуатты өмір сүруіне әкелетін әлемдік тәртіптер демократия, азаматтық қоғам, прагматизм, либерализм, нарықтық экономиканың салтанат құруы принциптерінің елімізде толыққанды орнығуына көмектеседі;
  • Телеарна ел халқын қазақстандық патриотизм мен отаншылдық рухында тәрбиелеу принципін барлық телебағдарламалардың мазмұндық және идеялық арқауына айландырады;
  • «Халық арна» ел халқының мәдени, материалдық және интеллектуалдық дамуына бөгет болатын негативті құбылыстар сыбайлас жемқорлық, коррупция, қылмыскерлік, алкологизм, наркомания, зорлық-зомбалық, ұрлық т.б. қарсы профилактикалық шараларды насихаттау принципін басшылыққа алады;
  • «Халық арна» елдің әлеуметтік сезінуін жақсартатын қайырымдылық, қамқорлық, жас ұрпақты тәрбиелеу, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау жобаларын ақпараттық қолдау принципін ұстанады.

 

«Халық арнаның» алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындаудың жолдары және тетіктері.

 

Халық арна алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындауда бірінші нүкте Алматы қаласының зиялы қауымының интелектуалдық потенциалына сұйенеді. Әрбір хабарға сол хабар көтеріп отырған тақырыпты терең білетін ғалымдар, мамандар, кәсіп иелері шақырылады. Сонымен қатар кең байтақ Қазақстанның басқа да қалаларынан түрлі тақырыптарға қатысты мамандық иелерін шақыру жоспарланбақ.

Телеканал контетін неғұрлым қызықты, тартымды және көру рейтингін жоғарылату мақсатында еліміздің негізгі телеканалдары «Қазақстан», «Хабар», «Мир» т.б. жинақталған көркем фильмдер, деректі материал қорларын пайдалану көзделеді. Сонымен қатар  «Қазақфильм» киностудиясы шығарған көркем фильмдер жинақтамасы көрсетіледі.

Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» мақаласындағы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» бағдарламасына сәйкес еліміздегі жаңадан, тәуелсіздік жылдары танылған тұлғалар туралы арнайы хабарлар циклы ұйымдастырылады. Сонымен қатар «Қазақстанның сакралды географиясы» бағдарламасына орай еліміздің қасиетті, тарихи жерлері мен мекендері, тарихи және мәдени ескерткіштері жайында тұрақты жүргізілетін тележоба іске асырылады. Еліміздегі үдемелі-индустриалды инновациялық даму міндеттерін шешуге қатысты жаңадан ашылған инновациялық, тауар өндіруші кәсіпорындардың жұмысы турасында хабарлар циклы жүргізілмек.

«Тұлғалар тағылымы», «Рухани жаңғыру: сұраныс» телебағдарламалары арқылы Елбасының Қазақстан қоғамын рухани жаңғырту саясатын нақты шаралармен іске асыру міндеті шешіледі. Елбасының жүргізіп отырған әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі аспектілері мен бағыттарын насихаттауда «Халық арна» әр салада қызмет ететін мемлекеттік органдардың білікті мамандарын тартады. Олар арқылы елдегі билік жүйесінің қызметі туралы халыққа объективті ақпарат беруді жолға қояды.

«Халық арна» ұлттық және мемлекеттік бірегейлікті нығайту мақсатында қазақ ұлтының этникалық, мәдени, салт-дәстүрлік, менталдық ерекшеліктерін көрсететін және озық ұлттық құндылықтарды насихаттайтын хабарларды жүйелі түрде түсіруді және көрсетуді жолға қояды. Қазақ халқының тарихи дамуында жүріп өткен қиямет-қайым қиыншылықтары мен басынан өткізген трагедиясын объективті көрсету арқылы ел халқының ұлттық кодын, тарихи жадын оятады.

«Халық арнаның» өзекжарды міндеті Қазақстан халқының бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыруға көмектесу. Бұл үрдіс көпжақты, көпбағытты құбылыс. Телеарна халықтың бәсекеге қабілеттіігін салауатты өмір салтын насихаттау, орта және шағын бизнестің жемісті, нәтижелі үлгілерін көрсету арқылы іске асырады.

Қазақстан ашық қоғам құруда. Осы ретте 4-ші индустриалдық революция әлем халықтарының өмірі мен қызметіне әкелетін жаңа құбылыстарды талдайтын, түсіндіретін телехабарларды әлемдік БАҚ-тан және отандық БАҚ-тан алу арқылы және ішкі мүмкіндіктер негізінде көрсету міндеттері шешіледі.