Домой Біз туралы

Біз туралы

«ХАЛЫҚ АРНА» — ойын-сауықтық әрі танымдық телерадиокомпания.Әр жастағы көрермен қалауын ескере білген арна отандық және шетелдік түрлі жанрдағы фильмдер мен сериалдарды, балаларға арналған мультфильмдер мен жастардың сұранысына ие түрлі телебағдарламалар ұсынады. Кіші жастағы көрермен пікірін ескере отырып, сәбилердің қызығушылығын оята білген «Уолт Дисней» (WaltDisney) компаниясының туындыларын эфирден көрсетуде.

«ХАЛЫҚ АРНА» телерадиоарнасының бағдарламалар қатарынан тағылымды тарихтан сыр шертетін танымдық бағдарламалармен қатар, саяхат, аспаздық өнер, денсаулық, спорт туралы ойын-сауықтық және музыкалық туындылар, сондай-ақ театр және кино саласы турасында, қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен түсірілген бағдарламалар көрерменге ұсынылуда.

«ХАЛЫҚ АРНА» 2017 жылдың 10-шы шілдесінен бастап телерадиокомпаниялар қатарына тіркелді.

Бас директоры — Гусман Алмас Гусманұлы