Домой Новости Түркия қазақстандықтарға 200-ден астам тегін оқу грантын бөледі

Түркия қазақстандықтарға 200-ден астам тегін оқу грантын бөледі

Түркия университеттері 200-ден астам грантын Қазақстан азаматтарына бөледі. Бұл туралы ҚазАқпарат «Халықаралық бағдарламалар орталығының» баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.  Ағылшын тіліндегі бакалавриат пен магистратура бағдарламасы жөнінде, оқуға түсу рәсімдері туралы, сонымен қатар қазақстандық студенттерге арналған гранттар мен стипендияларға қатысты мәселелерді түрік ЖОО-лары өкілдерінен анықтап алуға мүмкіндік беріліп отыр. Қазақстанның басқа қалалары мен аймақтарындағы үміткерлер өз құжаттарын Түркияның жоғары оқу орындарының ресми сайттарына ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап жолдай алады. Толық ақпаратты мына сілтемеден көруге болады.


https://www.inform.kz/kz/turkiya-kazakstandyktarga-200-den-astam-tegin-oku-grantyn-boledi_a3516335

comments powered by HyperComments