Домой Новости Алматы маңында күн және жел электр стансалары іске қосылды

Алматы маңында күн және жел электр стансалары іске қосылды

Қазақстанның энергетикалық кешені қайта жаңартылатын энергия көзінің екі объектісімен толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Самрұқ-Энерго» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алматыда қуаттылығы 1 МВт болатын күн электр стансасы және қуаты 5 МВт болатын жел электр стансасы іске қосылды. Қос кешенді пайдалануға беру рәсімі «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында өтті. Жел электр стансасы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Нұрлы ауылының маңында орналасқан. 72-сағаттық кешенді сынақ пен байқау нәтижесінде күн және жел электр стансаларының пайдалануға толық дайын екені белгілі болды. Биыл «Самұрық-Энерго» компаниясы қайта жаңартылатын энергия көздері бойынша 2 жобаны іске асырды: біріншісі — Қапшағай қаласындағы күн электр стансасы, екіншісі — Ерейментау қаласындағы жел электр стансасы. Биылғы 10 айдың өзінде аталған қос объектіде 134,4 млн кВт электр қуаты өндірілген.

https://www.inform.kz/kz/almaty-manynda-kun-zhane-zhel-elektr-stansalary-iske-kosyldy_a3473375

 

comments powered by HyperComments