Домой Новости WhatsApp арқылы тараған видео: ІІМ түсініктеме берді

WhatsApp арқылы тараған видео: ІІМ түсініктеме берді

Ақмола облысы аумағындағы тас жолда болған ірі жол апаты туралы WhatsApp арқылы тараған видео Қазақстанда түсірілмеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қазақстан тұрғындары WhatsApp арқылы қарлы жолдың бойында ондаған автокөліктің соқтығысқаны туралы видео алуда. Видеодағы аудио жазбада жол апаты Астана-Көкшетау тас жолының бойында, яғни, Шортанды кентінің маңында болғандығы туралы айтылады. Алайда, ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев бұл мəліметті жоққа шығарды. «Ауа райының жайсыздығы салдарынан тас жолдың бойында ондаған автокөліктің жол апатына ұшырағандығы туралы WhatsApp арқылы тараған видео біздің елге қатысы жоқ. Мұндай жол апаты биылғы маусымда тіркелмеген», — деп түсіндірді А.Садубаев ҚазАқпарат тілшісіне.

https://www.inform.kz/kz/whatsapp-arkyly-taragan-video-iim-tusinikteme-berdi_a3453651

comments powered by HyperComments