Домой Новости Талдықорғанда жұртты тонап келген үш келіншек ұсталды

Талдықорғанда жұртты тонап келген үш келіншек ұсталды

Талдықорғанда полицейлер қоғамдық көліктер мен сауда орындарында ұрлық жасады деген күдікпен 3 жас келіншекті  ұстады. Күдіктілердің барлығы облыс орталығының іргесінде орналасқан Көксу ауданының тұрғындары, деп  хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тергеу материалы бойынша, ұсталған 24 және 26 жастағы азаматшалар бұған дейін де ұрлық жасап, жауапкершілікке тартылғандары анықталды. «Қазір ұсталғандардың 13 қалта ұрлығына қатысы бар екені анықталды. Ұрлық қоғамдық көліктер мен сауда орындарында болған. Барлық фактілер соңғы бір айдың ішінде тіркелген. Ал жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 0,5  миллион теңгеге жеткен», — деп мәлімдеді Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктілер арнайы қолхатпен жіберілген. Ведомство өкілдері күдіктілердің өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатқанын жеткізді.

https://www.inform.kz/kz/taldykorganda-zhurtty-tonap-kelgen-ush-kelinshek-ustaldy_a3465531

comments powered by HyperComments