Домой Новости Оралда жатақханада өрт болып, 95 адам қауіпсіз жерге шығарылды

Оралда жатақханада өрт болып, 95 адам қауіпсіз жерге шығарылды

Оралда жатақханадағы өрт кезінде 95 адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің баспасөз хатшысы Арайлым Ғанидың айтуынша, Х.Чурин көшесі 119-мекенжайында №89А бөлмедегі өрт жөнінде хабар 20 қараша күні сағат 19.40-та түскен. Оқиға орнына №2 өрт сөндіру бөлімінен 5 техникамен 12 адам шұғыл жеткен. Бес қабатты жатақхананың бесінші қабатындағы бөлмеде теледидар өртеніп, жарылған. Өрт сөндірушілердің жедел қимылы нәтижесінде 1 адам құтқарылды. Жатақханадан 95 адам шығарылса, соның 25-і — балалар. «Тілсіз жау» тез ауыздықталып, жалынның көрші бөлмеге таралуына жол берілген жоқ. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, өрт сөндірушілер сағат 19.56-да жедел жәрдем шақырған. Бригада 20.02-де жеткен. Жеңіл түрде газбен уланған 1952 жылғы ер адам қалалық ауруханаға жеткізілді.

https://www.inform.kz/kz/oralda-zhatakhanada-ort-bolyp-95-adam-kauipsiz-zherge-shygaryldy_a3462895

comments powered by HyperComments