Домой Новости Головкин — «Канело» үшінші айқасының келіссөздері қашан өтетіні белгілі болды

Головкин — «Канело» үшінші айқасының келіссөздері қашан өтетіні белгілі болды

Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) бапкері Абель Санчес Сауль Альвареспен (50-1-2, 34 КО) үшінші айқастың өтуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды  Sports.kz.

«Жылдың соңында немесе келесі  жылдың басында Том Леффлер мен Оскар де ла Хойя және олардың адамдары мұны талқылайды. Геннадий мен «Канело» бір-біріне керек, олар жанкүйерлеріне қажет. Жұртшылық осы айқасты талап етіп отыр. «Канело» Филдингпен жекпе-жекте қанша табыс табатынын көреміз. Егер табысы шектеулі болса, демек ол өзі ойлағандай керемет боксшы емес. «Канело» мен Головкиннің келесі айқастарын қалай өткізетінін көреміз. Кейін, бұл айқас олардың екеуіне де, боксқа да қажет болса, үшінші жекпе-жектің өтіп қалуы мүмкін», — деді Санчес.

https://www.inform.kz/kz/golovkin-kanelo-ushinshi-aykasynyn-kelissozderi-kashan-otetini-belgili-boldy_a3444136

comments powered by HyperComments