Домой Новости Дәурен Абаев Apple Pay қызметінің төрт артықшылығын атады

Дәурен Абаев Apple Pay қызметінің төрт артықшылығын атады

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қазақстандық банктердің Apple Pay қызметін іске қосуында қандай артықшылықтар бар екенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Қазақстандық банктердің Apple Pay қызметін іске қосуын назардан тыс қалдырғым келмес еді. Әрине, байланыссыз мобильдік төлемдер біздің азаматтарға қолжетімді болған, алайда оларды барлығы да қолданып кетті деп айта алмас едім», — деді Дәурен Абаев «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында. Министр өз сөзінде Apple Pay қызметі қарапайым халыққа және тұтас мемлекетке не беретінін тізіп айтып берді. «Біріншіден, бұл қызмет өте ыңғайлы. Себебі, смартфон қазір барлығының қолында бар. Екіншіден, бұл — Мемлекет басшысы ылғи тапсырып отыратын қолма-қол ақшасыз экономика. Үшіншіден, Apple Pay қызметі әлемнің отыз елінде, оның ішінде АҚШ, Ұлыбритания секілді жетекші мемлекеттерде бар. Қазақстанның да цифрлық шешімдер тұрғысынан әлемнің жетекші экономикаларынан қалмай келе жатқаны қуантады. Төртіншіден, шетелдік туристер үшін бұл өте тартымды. Демек, олар Қазақстандағы қызметтердің сапасына жоғары баға береді. Әлбетте, бұл қызмет туристік тартымдылықты бірден арттырады дегенді білдірмейді. Алайда әлбетте, меймандардың келуіне серпін берері анық», — деп түйді Дәурен Абаев.

https://www.inform.kz/kz/dauren-abaev-apple-pay-kyzmetinin-tort-artykshylygyn-atady_a3470232

 

comments powered by HyperComments