Домой Новости Қазақстанда қарашаның алғашқы күні ауа райы қандай болады

Қазақстанда қарашаның алғашқы күні ауа райы қандай болады

Қарашаның алғашқы күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады, тек батыс, оңтүстік-батыс өңірлерде ғана күн біршама жылы болуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні 23 метрге дейін жетуі мүмкін. Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болады, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді. Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлеріне тұман түседі, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады. Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі ықтимал. Алматы, Қарағанды облыстарында, түнде Павлодар облысында кей жерлерге тұман түседі, Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Еске сала кетейік, қараша айының басынан Қазақстанда күн суытатыны хабарланған болатын.

https://www.inform.kz/kz/kazakstanda-karashanyn-algashky-kuni-aua-rayy-kanday-bolady_a3442954

comments powered by HyperComments