Домой Новости Астаналықтарға бір ай бойы арзан ет, көкөніс сатылады

Астаналықтарға бір ай бойы арзан ет, көкөніс сатылады

Елордада бір ай бойы «Алтын күз» әлеуметтік азық-түлік жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқарат әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

«Алай» бөлшек-таратушы орталығының ғимаратында бір ай бойы тұрғындар өнімдерді тікелей тауар өндірушілердің өзінен сатып ала алады. Павлодар және Ақмола облысының шаруа қожалықтары жәрмеңкеге ет пен сүт өнімдерін, сондай-ақ жеміс-жидек, көкөніс пен дәнді-дақыл өнімдерін ұсынады. Жәрмеңкеде қой етінің келісі — 1 230 теңгеден, жылқы етінің келісі — 1 400 теңгеден сатылады деп күтілуде. Әлеуметтік жәрмеңкеде картоптың бір келісінің құны  55 теңге болады. Қазіргі таңда Павлодар облысынан сату үшін 150 тонна картоп, Ақмола облысынан 30 тонна сиыр еті, 7 тонна қой еті жеткізілді. Ақмолалық өндірушілер сиыр етінің келісін 1 300 теңгеден, қой етінің келісін 1 250 теңгеден сатпақ. Бұдан басқа, жәрмеңке қонақтары кондитерлік, макарон өнімдері мен бал сатып ала алады. Ұйымдастырушылар, өнімдер бағасының нарықтағы бағалардан 5-10 % төмен болатынын айтады.

https://www.inform.kz/kz/astanalyktarga-bir-ay-boyy-arzan-et-kokonis-satylady_a3444050

comments powered by HyperComments