Домой Новости Астанада қоғамдық көліктің жолақы картасы терминалдарда уақытша сатылмайтын болды

Астанада қоғамдық көліктің жолақы картасы терминалдарда уақытша сатылмайтын болды

Арнайы терминалдарда автобуста жолақысын төлейтін көлік карталары 16-19 қараша аралығында сатылмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Astana LRT компаниясына сілтеме жасап.

«2018 жылдың 16 қарашасынан бастап 19 қарашасына дейін техникалық жұмыстарға байланысты RTVM автоматтарында көлік карталар сатылымы уақытша қол жетімсіз болады. Карталарды арнайы кассалардан сатып алуыңызға болады», делінген хабарламада. Арнайы кассалардың мекенжайы alrt.kz сайтында көрсетілген. Компания келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұрай отырып, көлік картасының орнына терминалдардан «10 сапарға» арналған бір реттік қағаз карталар алуға болатынын ескертеді. Бір реттік қалалық автобустарға арналған «10 сапар» қағаз картасының құны 1 000 теңге. Ал, көлік карталардың сатылымы автоматтарда 20 қарашадан бастап қайтадан қол жетімді болады.  Еске сала кетсек, бұған дейін қалада көлік картасын толтыратын RTVM автоматтарына балама ретінде тағы 100 бірдей пункт орнатылаты хабарланған болатын.

https://www.inform.kz/kz/astanada-kogamdyk-koliktin-zholaky-kartasy-terminaldarda-uakytsha-satylmaytyn-boldy_a3457621

comments powered by HyperComments