Домой Новости Алматыда автобус отқа оранды

Алматыда автобус отқа оранды

Алматыда №137 автобус өртенді. Оқыс оқиға туралы қалалық ТЖД-ның баспасөз қызметі хабарлады. Өрт сөндіру қызметінің кезекші бөліміне таңертең сағат  9.21-де Шұғыла шағын ауданында Нұрлы және Сәбденов көшелерінің қиылысында автобус өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түскен. Белгілі болғандай, №137 бағдардағы автобустың артқы дөңгелегі жана бастаған. Өрт 9:39-да ауыздықталып, 09:59-да сөндірілді. Тілсіз жау 20 метр аумақты шарпыды. Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ.

https://www.inform.kz/kz/almatyda-avtobus-otka-orandy_a3456551

comments powered by HyperComments