Домой Новости Алматыда ағайынды екі бала бес күннен бері табылмай жатыр

Алматыда ағайынды екі бала бес күннен бері табылмай жатыр

Алматыда 12-16 жастағы ағайындылар бес күннен бері із-түзсіз кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Санат Сәдуақас мен Əрсен Сәдуақас 27 қазанда кешкі сағат 17-лер шамасында Шапық Шокин көшесіндегі №50 үйден шығып кеткен. Содан бері жасөспірімдердің жақындары олардан хабар ала алмай отыр. «Санат Мұратұлының бойы 165-170 см, шашы қара, арықша келген, ат жақты бала. Үйден шыққанда үстінде жасыл күртеше, аяғында қара көк туфли болған. Ал Əрсен Мұратұлының бойы 150-160 см шамасында, ат жақты, беті сопақша келген. Сары түсті күртеше мен көк трико киіп кеткен»,- делінген полиция таратқан хабарламада.

https://www.inform.kz/kz/almatyda-agayyndy-eki-bala-bes-kunnen-beri-tabylmay-zhatyr_a3443990

comments powered by HyperComments