Домой Новости Жаңартылған WBC рейтингінде Головкин көш бастады

Жаңартылған WBC рейтингінде Головкин көш бастады

Орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) Бүкіләлемдік бокс кеңесінің қазан айында жариялаған рейтингінде 1-орынға тұрақтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап. Головкиннен кейін рейтингте ұлыбританиялық Мартин Мюррей тұр, ал 3-орында канадалық Давид Лемье. Тізіммен толығырақ мына жерден таныса аласыздар. Еске сала кетейік, мұның алдында WBC боксшыларды жекпе-жек күні өлшенуге міндеттеген болатын. WBC жекпе-жектері үшін жаңа ережелер маусымнан бастап күшіне енеді, ал жұдырықтасатын күні өлшенуден басқасы 1 қаңтардан бастап қолданылады.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/boxing/janartyilgan-WBC-reytingnde-golovkin-kosh-bastadyi-292660/

comments powered by HyperComments