Домой Новости Төреғали Төреәлімен болған оқиға: Полицейлер іс қозғады

Төреғали Төреәлімен болған оқиға: Полицейлер іс қозғады

Әнші Төреғали Төреәлі әуежайдың бақылау аймағынан және «Эйр Астана» компаниясының Алматы — Гонконг рейсіне ұшатын ұшағаның бортына өтіп кеткеннен кейін полицейлер іс қозғады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ішкі істер департаментінің өкілдері Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту фактісіне байланысты соталды тергеу амалдарының басталғанын растады. Алайда құқық бұзушының аты-жөні аталмады. Осы баптың санкциясы бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін айыппұл немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады. «Бұл факт алдын ала тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 392-бабы 1-бөлігіне сәйкес 1992 жылы туған Қазақстан азаматына қатысты тіркелді», — деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметінің өкілдері. Еске сала кетейік, мұның алдында әуежай өкілдері осы жағдайға қатысты пікір білдірген. Олардың сөзіне қарағанда, Төреғали Төреәлі отбасымен бірге ұшақ салонына кіріп кеткен, алайда ол жолаушы болмаған. Нәтижесінде Алматы — Гонконг рейсі кешіктірілген. Ал кейін Алматы әуежайының өкілдері тексеріс нәтижесі бойынша әуежай мен әуекомпанияның бірнеше қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/toregali-torealmen-bolgan-okiga-politseyler-s-kozgadyi-292741/

comments powered by HyperComments