Домой Новости Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Синоптиктер 18-20 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері ауа райы аса өзгермейді. «Алдағы үш тәулікте ауа райының күрт өзгеруі күтілмейді. Бұрынғыдай көптеген облыста жауын-шашын, әсіресе қар, көктайғақ, тұман және ауа температурасы осы кезеңге қалыпты температурадан 3…5 градуасқа төмен болады. Тек республиканың батыс облыстары көтеріңкі атмосфералық қысым аясында болады. Сондықтан мұнда жауын-шашынсыз және жылы, ауа температурасы күндіз плюс 12…20 градусқа дейін жылынады», — деді «Қазгидромет» өкілдері.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/sinoptikter-aldagyi-kunder-aua-rayyi-kanday-bolatyinyin-292831/

comments powered by HyperComments