Домой Новости Шымкентте балаға шабуылдаған ер адам 15 жылға сотталды

Шымкентте балаға шабуылдаған ер адам 15 жылға сотталды

Шымкентте балаға шабуылдаған ер адам 15 жылға сотталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Әбінұр Қарабаевқа сілтеме жасап. «Үйдің кіреберісінде 11 жастағы баланы зорламақшы болған 33 жастағы ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі бойынша («Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») 15 жылға сотталды. Соттың шешімімен ер адам жазасын максималды қауіпсіз колонияда өтеді. Бала сот отырысына қатысқан жоқ, сотқа оның заңды өкілдері қатысты. Сотталушы баланың туыстарынан кешірім сұрап, өз әрекетіне өкінетінін айтты. 21 қыркүйекте 15 жылға сотталды», — деді телефон арқылы судья Қарабаев. Еске сала кетейік, биыл шілде айында Шымкентте үй кіреберісінде ұл балаға шабуыл жасаған ер адамның видеосы таралған болатын. Әлеуметтік желілерде таралған видео кадрларынан ер адамның баланы үйдің кіреберісінде кіргізіп, баспалдақ алаңында тұрғанын көруге болады. Сондай-ақ, сыртқы бейнебақылау камерасына жазылған видео тарап жатыр. Онда бір әйелдің үйге кіргенін, артынша ер адамның қашып шыққанын көруге болады. Әйел болса ер адамның артынан қуады.  Ал кейінірек шабуыл құрбаны баланың әжесі оқиғаның қалай болғанын айтқан болатын.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/crime/shyimkentte-balaga-shabuyildagan-er-adam-15-jyilga-sottaldyi-292428/

comments powered by HyperComments