Домой Новости Мерзімді депозитінен ақша алған қазақстандықтарға айыппұл салынады

Мерзімді депозитінен ақша алған қазақстандықтарға айыппұл салынады

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының төрағасы Нұрлан Әбдірахманов 1 қазаннан бастап жұмыс істеп жатқан жаңа депозиттердің ерекшеліктері туралы айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Банктердің клиенттеріне мерзімді, мерзімді емес және жинақтық салым ұсынылады. Бұрын депозиттің бір ғана түрі болды, оған 12 пайыздық мөлшерлеме кепілдендірілді. Жаңа депозиттер сақталу мерзімі, мөлшерлемесі мен мерзімінен бұрын алу бойынша ерекшеленеді. Мысалы, депозит мерзімді болса, уақытынан бұрын ақша алынғаны үшін айыппұл салынады. «Банк салымы келісімшарты бойынша уақытынан бұрын ақша алу үшін айыппұлдың көлемі аударылған сыйақының 50 пайызын құрауы мүмкін. Мысалы, мерзімді салымға 100 мың теңге салынды. Оның мерзімі — 12 ай, жылдық тиімді мөлшермелесі ай сайынғы капитализациямен 12 пайыз. Егер ақша уақытынан бұрын, мысалы барлық сома 10 айдан кейін алынса сыйақымен бірге қолға 104 958 теңге ғана беріледі. 4 958 теңге — барлық сыйақының 50 пайызы. Қолға тимеген сыйақының көлемі де 4 958 теңге болады. Егер салым келісімшарт уақыты аяқталғаннан кейін алынса, қолға 112 015 теңге беріледі, 12 015 теңге — сыйақы», — деп түсіндірді Әбдірахманов. Оның айтуынша, салымдарды сақтандыру жүйесіне қатысушы жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің банктегі теңге салымдарына әлі де мемлекет кепілдік береді. Қазақстандықтар үшін ең тиімдісі жинақтық салым. «Егер мерзімді және мерзімді емес депозиттердің өз талаптарына қарай 10,5 пайыздан 12,5 пайызға дейін мөлшерлемелері шекті болса, кепілдіктің максималды сомасы 10 миллион теңге болады, ал жинақтық салым жасаушылар үшін шекті мөлшерлеме 12-ден 13,5 пайызға дейін құбылып тұрады. Жинақтық салымдардың барлық жеті түрі үшін кепілдіктің жалпы сомасы  — 15 миллион теңге», — деді төраға. Оның айтуынша, жинақтық депозит ақшасын уақытынан бұрын алмайтындарға арналған. Егер ақша уақытынан бұрын қажет болса, оны алу үшін банкке 30 күн бұрын ескерту керек.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/private_finance/merzmd-depozitnen-aksha-algan-kazakstandyiktarga-ayyippul-292461/

comments powered by HyperComments