Домой Новости Лондонда Димаш Құдайбергеннің алғашқы жеке концерті өтеді

Лондонда Димаш Құдайбергеннің алғашқы жеке концерті өтеді

19 қарашада Лондонда бүкіл әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің алғашқы жеке концерті өтеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Спорт және мәдениет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, «DQ» бірегей шоуы Ұлыбританиядағы Қазақстанның Мәдениет күндері аясында болады. Концерт ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен ұйымдастырылып, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының Елшілігі қолдауымен өтеді. Сатылған билеттерден түскен барлық қаражат Қазақстанның дарынды жастарын халықаралық беделді байқаулар мен концерттерге қатыстыруға қолдау көрсету үшін жұмсалады. Жас дарындыларды қолдау бағдарламасын ҚР Мәдениет және спорт министрлігі 2008 жылдан бері жүргізіп келеді және 10 жыл ішінде шығармашылықтың әртүрлі саласының 1000-нан аса жас дарындылары — суретшілер, сәнгерлер, дизайнерлер, әншілер, музыканттар қолдауға ие болды.
«DQ» — жас орындаушының елдің жүрегінен орын тапқан хит әндері мен жаңа композициялары кірген жаңа концерттік бағдарламасы. Еуропаның жүрегінде өтетін жеке концерттің көрермендері бірегей шоудың алғашқы көрермендері болмақ. Кеш қонақтары «S.O.S. D’un Terrien En Detresse»» әнін тыңдайды. Дәл осы композициямен 2016 жылы Қытайдағы «Singer» вокал байқауында Димаштың бағы жанған. Халық екі сағаттық концертте қазақша және шет тілдеріндегі шығармалармен құлақ құрышын қандырады. Бұл көрермендер үшін Димаш Құдайбергеннің жеке шығармашылығымен жаңа форматта танысатын ұмытылмас жарқын шоуы болады. Димаш Құдайберген — 5 октава, 4 нота мен 1 жарты тонды қамтитын вокалдық диапазоны кең қазақстандық әнші, композитор, мульти-аспапшы. Димаштың жетістіктері Қазақстанда ең жоғарғы дәрежеде деп саналады: Қазақстан Республикасының Алғашқы Президенті ұсынған Мәдениет саласындағы Мемлекеттік стипендия — 2016 жылғы Ұлт Көшбасшысы лауреаты, «Танымал музыка» номинациясындағы «Астана Дарыны-2017» премиясы және тағы да басқа көптеген жетістіктері. «Димаш Құдайберген» атты жұлдыз жанбай тұрып, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жас орындаушыға үнемі қолдау көрсетіп отырғанын айта кету керек, ол мемлекеттік деңгейдегі шараларға тұрақты түрде қатысып тұрды. Әншінің шығармашылығына бүгінгі күнге дейін қолдау көрсетілуде, Димаш Құдайберген — үкіметтік шаралардың тұрақты қатысушысы. Ірі музыкалық байқауларға қатысқан және жеткен жетістіктері тізімі мынадай: Қытайдағы «Singer», «Байқоңырдың сыңғырлаған дауыстары», «Жас Қанат», «Восточный базар», «Мейкин Азия», «Славянский базар». Димаш 2018 жылғы Global Chinese Golden Chart Awards (Қытай) аясындағы «Жыл әртісі» премиясының иегері, Пекиндегі жыл сайынғы Weibo премиясының «Жылдың жаңа музыкалық күші» номинациясы иегері, IQIYI Awards нұсқасы бойынша «Жылдың ең танымал әнші жігіті» атағының иегері және тағы да басқа көптеген жетістектері бар. Билеттер сатылымы Лондон уақытымен 19 қазанда сағат 11:00 — де басталады, Қазақстанның дарынды жастарын қолдауға үлес қосып, билеттерді https://www.axs.com/ және http://www.biletiastana.kz/ сайттарынан сатып ала аласыздар.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/music/londonda-dimash-kudaybergennn-algashkyi-jeke-kontsert-oted-292874/

comments powered by HyperComments