Домой Новости Әлиев жетекшілік еткен аса қауіпті қылмыстық топты ұсталды

Әлиев жетекшілік еткен аса қауіпті қылмыстық топты ұсталды

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Алматы облысының тұрғыны К. Әлиев жетекшілік еткен аса қауіпті қарулы ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін әшкерелеп, жолын кесті, деп хабарлайды Today.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК «А» арнаулы мақсаттағы қызметін тартумен жүргізілген арнайы операция нәтижесінде қылмыстық топ жетекшісі К. Әлиев және оның 5белсенді мүшесі: Т. Әлиев, А. Дартаев, Д. Терешин, С. Дидик және Ж. Қалтай ұсталды. Қылмыстық топтың негізгі құрамы құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлерінен тұрғаны анықталды, олар 2018 жылғы 13 қыркүйекте Жамбыл облысының Отар станциясында кәсіпкер Р. Агагуллинге қарулы қарақшылық шабуыл жасап, 107 мың АҚШ долларын, 4 млн. ресейлік рубль мен 23 мың еуроны иеленген.

Тінту іс-шаралары барысында ұсталғандардан 8 пистолет пен мылтық, 140 дана оқ-дәрі, радиостанциялар, жалған автомобильдік тіркеу белгілері, матадан жасалған бетперделер, кісендер мен қарақшылық шабуыл жасауға арналған басқа да құралдар табылды және алынды.

Қазіргі уақытта тергеу-жедел іс-шаралары жүргізілуде.

comments powered by HyperComments