Домой Новости Конорды жеңген Хабибке сыйақысы берілмеуі мүмкін

Конорды жеңген Хабибке сыйақысы берілмеуі мүмкін

АҚШ-тағы Невада атлетикалық комиссиясы ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедовтың Конор Макгрегорды жеңгені үшін берілуі тиіс сыйақыны кешіктіріп жатыр. Бұл туралы Lenta.ruсайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: inosmi.ru

Фото: inosmi.ru

«Олар тиісті қаржыны Хабибке бермей қоюды ойластырып жатыр. Ол толық соманы алмайды. Хабиб чемпиондық белбеуін сақтап қалғанымен, ол да шамамен 4-6 айға дисквалификацияланады. Ол АҚШ аумағында жекпе-жекке шыға алмайды, ал басқа елдерде өтетін жарыстарға шақыру жоспарымызда жоқ», — деп мәлім етті Дэйна Уайт.

Айта кетейік, Макгрегорды жеңіп кеткен Нурмагомедов екі миллион доллар иемденіп, жекпе-жек көрсетілімінен түскен қаржының да біраз бөлігін алуы тиіс болатын.

Хабиб ойынның төртінші рауындында қарсыласын тұншықтырып, оның жұптас-серіктесіне де шабуылдаған. Осыдан кейін спортшылар қатысуымен жаппай төбелес басталып, соңында оған полиция келіп араласқан.

comments powered by HyperComments