Домой Новости GGG командасындағы қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутпен жеңді

GGG командасындағы қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутпен жеңді

Қазақстандық былғары қолғап шебері Али Ахмедов тағы бір жеңісті еншіледі деп хабарлайды Sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

m.sport.inform.kz

Фото: m.sport.inform.kz

Жартылай ауыр салмақтағы боксшы «GGG Promootions» мүшесі. Ол да Головкин сияқты Абель Санчестің жетекшілігінде Big Bear лагерінде жаттығады.

Гомес пен Ахмедовтың жекпе-жегі Калифорнияда өткен. Сегіз раундтық жекпе-жекті көреміз деп келген көрермендер бір раундтан кейін тарауға мәжбүр болыпты.

Қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутпен жеңіп кеткен.

Бауырынан ауыр соққы алған мексика азаматы бірден құлап түскен екен. Бұл Али Ахмедовтың кәсіби рингтегі 13-ші жеңісі.

АҚШ журналисі Райан Скалия қазақстандықтың жекпе-жегіне баға берді.

«Жарайсың, Али! Головкин бауырдан жасаған соққыңа риза болатын болды», — деп пікірін білдірді.

comments powered by HyperComments