Домой Новости Елімізде сұранысқа ие аурухана қызметтері аталды

Елімізде сұранысқа ие аурухана қызметтері аталды

Қазақстанда ауруханалық қызметтер арасында хирургиялық және гинекологиялық қызметтің ең көп сұранысқа ие екені анықталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz зерттеуіне сілтеме жасап. Денсаулық сақтау саласында биыл екі тоқсан ішінде көрсетілген қызметтің көлемі 294,9 миллиард теңге болды — бұл өткен жылдан 2,2 пайызға жоғары. Көрсетілген қызмет көлемінің басым бөлігі астаналарға тиесілі, оларда еліміздегі жалпы республикалық медициналық орталықтардың 33 пайызы орналасқан. Сонымен қатар, көшбасындағы үштікте Алматы облысы бар (республика бойынша 6,9 пайыз).

Денсаулық сақтау саласындағы қызметтің 53,2 пайызы ауруханаларға тиесілі. Тағы 28,8 пайыз дәрігерлік және стоматологиялық тәжірибеге, 18 пайыз қазақстандықтардың денсаулығын қорғау бойынша өзгеде қызметтерге тиесілі. Медициналық қызмет түрлерінің арасында ең көп сұранысқа ие — хирургиялық қызмет (денсаулық сақтау саласындағы барлық қызметтің 11 пайызына және аурухана қызметінің 20,7 пайызына ие) және гинекологиялық қызмет бөлімінің қызметі (барлық медициналық қызметтің 6,3 пайызына және аурухана қызметінің 11,8 пайызына ие).

Бюджет есебінен көрсетілген қызмет  — 77 пайыз (өткен жылы 79 пайыз болған). Халық есебінен көрсетілген қызмет — 16 пайыз (өткен жылы 14 пайыз болған). Кәсіпорын есебінен көрсетілген қызмет — 7 пайыз  (өткен жылы 6 пайыз болған).Күзге қарай дәрігерлердің алғашқы қабылдау ақысы бір жылда 8 пайызға көтерілген, тамыз қорытындысы бойынша, 2,4 мың теңгеге дейін. Тексеру мен талдау бір жылда 5-6 пайызға қымбаттады: құрсақ қуысын УДЗ — 2,9 мың теңгеге дейін, қанның жалпы талдауы — 885 теңгеге, несепті талдау — 623 теңгеге дейін. Тіс жұлу бір жылда 7,1 пайызға қымбаттады, 3,3 мың теңгеге дейін, мойынды уқалау — 8,8 пайызға, 924 теңгеге дейін. Шипажайлардың қызметі 3 пайызға, 10,2 мың теңгеге дейін қымбаттаған.

 

comments powered by HyperComments