Домой Новости Байқоңырда зымыран ұшыру кезінде апат болды

Байқоңырда зымыран ұшыру кезінде апат болды

Байқоңырда «Союз МС-10» зымыран-тасығышын ұшыру кезінде төтенше жағдай болды. Бұл туралы диктор «Роскосмос» сайтында телетрансляция кезінде айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап. «Союз МС-10» бортында ресейлік ғарышкер Алексей Овчинин мен америкалық астронавт Ник Хейг болған. Олар аман-есен, байланысқа шықты. NASA мәліметінше, іздестіру-құтқару командасы апат болған жерге бара жатыр.

Трансляция бірнеше минуттан соң (Астана уақыты бойынша сағат 14.56-да) тоқтап қалып, қайта қосылмады.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/baykonyirda-zyimyiran-ushyiru-keznde-apat-boldyi-292677/

comments powered by HyperComments