Домой Новости Қазақстанның сыртқы қарызы 2,2 миллиард долларға азайды

Қазақстанның сыртқы қарызы 2,2 миллиард долларға азайды

ҚР Ұлттық банкінің өкілдері Қазақстанның 2018 жылғы 2-тоқсанындағы сыртқы қарызындағы өзгерістер туралы айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Баспасөз қызметінің мәліметінше,  2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанның сыртқы қарызы164,4 миллиард АҚШ доллары болды. Сыртқы борыш құрылымында 63,0 пайызын бұрынғысынша фирмааралық берешек, 26,1 пайызға байланысты емес кредиторлар алдындағы «Басқа секторлардың» сыртқы борышы, 7,2 пайыз мемлекеттік сыртқы борыш (Үкімет пен Ұлттық Банк), 3,7 пайызы — «Банктер» секторының сыртқы міндеттемелері (ЕДБ және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ) алып отыр. «2018 жылдың 2-тоқсанында елдің сыртқы қарызы 2,2 миллиард АҚШ долларына қысқарды. Азаю төлем балансының операциялары есебінен (Қытайдың үлестес ұйымдарынан және қаржылық ұйымдар синдикаттарынан тартылған сыртқы қарыздарды өтеу, шетел инвесторларының Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарына сұранысының азаюы), сонымен қатар операциялық емес өзгерістер (қазақстандық эмитенттердің борыштық бағалы қағаздарының нарықтық құнының төмендеуі, теріс бағам айырмасы) есебінен болды», — деп хабарлады банк өкілдері. Талдамалық мақсатта сыртқы борыш құрылымында 2018 жылғы 1 шілдеде 26,5 миллиард АҚШ долларды құрған мемлекет бақылайтын ұйымдардың сыртқы қарызы (мемлекеттік сектор капиталына 50 пайыздан аса тікелей немесе жанама қатысатын банктер мен ұйымдар) жеке көрінеді. 2018 жылғы 2-тоқсанда 0,6 миллиард АҚШ долларына азаю «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-тың «КМГ Кашаган Б.В.» қомпаниясында 50 пайыз қатысу үлесін сатып алу үшін 2015 жылы тартылған қарызын мерзімінен бұрын өтеуі, сондай-ақ, квазимемлекеттік эмитенттердің еурооблигацияларының нарықтық құнының төмендеуі есебінен болды. Банктегілердің мәліметінше, Қазақстанның таза сыртқы қарызы 2018 жылғы 2-тоқсанында 0,5 миллиард АҚШ долларына ұлғайып, 46,6 миллиард долларға жеткен.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/private_finance/kazakstannyin-syirtkyi-karyizyi-22-milliard-dollarga-azaydyi-292430/

comments powered by HyperComments