Домой Новости Қазақстандық боксшылар беделді рейтингте жоғарылады

Қазақстандық боксшылар беделді рейтингте жоғарылады

Қазақстандық боксшы Мұса Тұрсынғалиев (8-0, 6 КО) беделді Boxrec.com сайтының рейтингінде жоғарылады, деп хабарлайды Today.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Колумбиялық Дейви Хулио Бассаны (20-6, 12 КО) төрешілер шешімімен жеңген соң, ол жартылай салмақтағы боксшылар рейтингінде 51 орынға жоғарылап, 167-орынға жайғасты.

Жартылай салмақтағы отандасымыз Асхат Уәлиханов (4-1, 2 КО) та америкалық боксшы Анхель Эрнандесті (13-11-2, 8 КО) төрешілер шешімімен жеңген соң, 376-орыннан 315-орынға көтерілді.

BoxRec рейтингінде қазақстандықтар арасында WBA Super, WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) көш бастап тұр. Әлемдік рейтингте ол америкалық Теренс Кроуфорд (33-0, 24 КО) пен мексикалық Сауль Альварестен кейін үшінші орында.

 

comments powered by HyperComments