Домой Новости Астанада мас полицей көлігімен жолаушыны қағып, өзі қашып кеткен

Астанада мас полицей көлігімен жолаушыны қағып, өзі қашып кеткен

Астанада полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев мәлім етті деп жазады NUR.KZ.

Көрнекі фото: РИА Новости

Көрнекі фото: РИА Новости

Оқиға 7 қазан күні орын алған. Жаяу жүргінші мен көлік жүргізушісі бір бағытта жол жүріп бара жатқан. Полиция қызметкері жол-көлік оқиғасы болған жерден дереу ізін суытады.

Ал жәбірленуші ауыр жарақаттармен дәрігерлер қолына жеткізілген.

Айта кету керек, жолаушыны қаққан жүргізуші алкогольдік ішімдікке мас болған.

Сәдубаевтың мәліметінше, кінәлі полицей сол күні-ақ қолға түскен. Ол қылмысын жасырмақ болғану үшін және істің тексерілу барысына кедергі келтірмес үшін екі ай мерзімге қамауға алынған.

Қазіргі кезде осы оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 2-бабымен сотқа дейінге тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ жол-көлік оқиғасына кінәлі полицейдің жұмысына тексеру жүргізіліп, нәтижесі шыққан соң басшылығы да жауапкершілікке тартылатын болады дейді Сәдубаев.

comments powered by HyperComments