Домой Новости Алматыда Науаи көшесіндегі тұрғын үй өртенді: 73 адам эвакуацияланды

Алматыда Науаи көшесіндегі тұрғын үй өртенді: 73 адам эвакуацияланды

Алматыдағы Науаи көшесінде орналасқан кешендегі өрт кезінде 73 адам эвакуацияланды, олардың жетеуі бала, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы ТЖД мамандары мәлімдеді.
Өрттің толық сөндірілгені хабарланды. Өрт шатырдан шыққан. Тілсіз жаудың жалпы аумағы 15 шаршы метр.

«2018 жылы 11 қазанда сағат 12.56-да үйдің 14-қабатында оттың тұтанғаны туралы хабар келіп түсті. Өртсөндірушілер сағат 13.01-де, яғни 5 минутта жетті. Өрттің вентиляциялық каналдардың жылытқышында тұтанғаны анықталды. Өрт 13.11-де ауыздықталып, 13.26-да сөндірілді», — деп хабарлады Алматы ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

<div style=»width: 100%; height: 0px; position: relative; padding-bottom: 181.818%;»><iframe src=»https://streamable.com/s/zl72b/unmcig» frameborder=»0″ width=»100%» height=»100%» allowfullscreen style=»width: 100%; height: 100%; position: absolute;»></iframe></div>
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/almatyida-nauai-koshesndeg-turgyin-uy-ortend-73-adam-292670/

comments powered by HyperComments