Домой Новости Алматы метросының пойыздарына 8 миллиард теңге бөлінеді

Алматы метросының пойыздарына 8 миллиард теңге бөлінеді

Мәжілісте 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістер енгізу туралы жобасы таныстырылды. Бюджеттен 8 миллиардтан аса теңге Алматы халқының қала ішіндегі мобильділігін арттыруға бөлінеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  «Алматы халқының қала ішіндегі мобильділігін арттыру мақсатында тоғыз бекет пен болашақта ашылатын «Сарыарқа» және «Достық» станциялары үшін 8 электрпойызды сатып алуға аванс ретінде бюджеттен қаражат бөлуге жоба ұсынылды. Оған 8,1 миллиард теңге бағытталуы тиіс», — деді қаржы министрі.  «Алматыметроқұрылыс» АҚ өндірістік-техникалық департаментің мәліметінше, «Сарыарқа» және «Достық» станцияларының құрылысына жалпы есеппен 67 миллиардтан аса теңге кетеді екен.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/almatyi-metrosyinyin-poyyizdaryina-8-milliard-tenge-bolned-292673/

comments powered by HyperComments