Домой Новости Жаңа оқу жылында оқулықтар екі есеге қымбаттап кетті

Жаңа оқу жылында оқулықтар екі есеге қымбаттап кетті

Жаңа оқу жылына қарай оқулықтар мен анықтамалық әдебиеттердің бағасы бір ай ішінде 2,4 пайызға өсіп кетті деп жазады energyprom.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жаңа оқу жылында оқулықтар екі есеге қымбаттап кетті

Фото: Otyrar.kz

Ал бір жыл ішінде олар 6,4 пайызға дейін қымбаттаған. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша баспа қызметтерінің көлемі 4,6 пайызға артқан.

Оқу-анықтамалық әдебиет қыркүйек айына қарай жекелеп сату орындарында 6,4 пайызға, яғни 1,3 мың теңгеге қымбаттапты.

Басылымның жазуынша, елде 2018-2019 оқу жылына 3, 6, 8-сыныптарға арналған 12 млн оқулық сатылған. Еліміздегі Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шымкент қалаларына оқулықтар жүз пайыз толықтай жеткізілген.

Кей облыстарға тасымалдаушылардың өз міндеттемелерін орындамауы салдарынан оқулықтар жеткізілмей қалуы мүмкін, делінген басылым ұсынған ақпаратта.

comments powered by HyperComments