Домой Новости Түркістан облысында қымыз сатып күн көрген азамат екі қабатты үй салып алды...

Түркістан облысында қымыз сатып күн көрген азамат екі қабатты үй салып алды (фото)

Түркістан облысында қымыз сатып, нәпақа тауып отырған отбасы алты жылдың ішінде екі қабатты үй тұрғызып алды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

пукапи

Тұрлыбек Орынбекұлы. Фото: NUR.KZ

Түркістан облысындағы Қазығұрт ауданында тұратын Тұрлыбек Орынбекұлының қымыз сатып, отбасын асырап отырғанына биыл он үшінші жыл.

Алғашында ауыл арасында қымыз сатушыларға биенің саумалын өткізіп келген ер кісі уақыт өте ұлттық сусынды өз қолымен әзірлеуге бел буған.

«Мен бұрын саумалдың литрін екі жүз теңгеден өткізуші едім. Ал базарда қымыздың литрі төрт жүз теңгеден сатылады. Яғни, табыс екі есеге көп.

Бұрын апам саумалды күбімен пісіп, қымыз дайындайтынын көріп өскенмін.

пукапи

Фото: NUR.KZ

Егістіктен келген соң қымызды үйде аздап қана өзім әзірлеп жүрдімКейін табысқа кенелуге болатынын біліп осы істі бастадым», — деген 47 жастағы қазығұрттық тұрғын бүгінде халықтың қымызға деген сұранысы осыдан он жыл бұрынғы жағдаймен салыстырғанда әлдеқайда артты деп отыр.

Әңгіме барысында қымыз дайындаушы азаматтане ұлттық сусынды дайындаудың жолдарын да сұрап білдік.

пукапи

Фото: NUR.KZ

«Өзімнің төрт бием бар, әйелім сауады. Үйдегі биелерден күніне шамамен жиырма литр саумал аламыз. Сосын ауылдағылардан саумал сатып алып, қымызды өзім дайындаймын.

Қымызға жаз мезгілінде сұраныс артады. Шөлді басады емес пе? Ораза кезінде сұраныс артады. Күніне үш жүз литрге дейін қымыз сатамын. Қазір күн салқындап, сұраныс төмендеуде.

Қымызды дайындаудың еш қиындығы жоқ. Бір күбіге қырық литрдей саумалды құйып, бір сағаттай пісемін. Одан ерте болса, дәмі шықпайды. Күбімен неғұрлым көп уақыт піссең, қымыздың дәмі де ерекшелене түседі», — деді Тұрлыбек Орынбекұлы.

пукапи

Фото: NUR.KZ

«Бастысы, еңбегім адал. Клиенттерім риза, бастысы. Тіпті өзге қалалардан арнайы іздеп келеді. Алматы, Астана жақтан да тапсырыстар түседі. Шымкенттік спортшылар менің тұрақты клиенттерім деуге болады.

Кейде қымыз болмай қалып, дайын болғанын күтіп қалатындар да бар. Қымыздың арқасында отбасымды бағып отырмын. Үлкен ұлым жәрдемшім». — деген ол осы бизнесінің арқасында алты жылдың  ішінде екі қабатты үй салғанын да жеткізді.

пукапи

Фото: NUR.KZ

Қазығұрттық тұрғын сатып алушылар арасында түрлі дерттерінен сауыққан жандарды кездестіргенін де айтып берді.

«Осы ауылда тұратын егде жастағы бір кісінің әйелін асқазаны мазалап жүрген екен. Дәрігерлер саумал ішуге кеңес берген. Бірақ, дәмі ұнамапты. Өзім дәмі тіл үйіретіндей етіп дайындап бердім.

Он екі күн бойы келіп ішіп жүрді. Қазір асқазаны мазалауын қойыпты. Көрген сайын алғысын айтады.

пукапи

Фото: NUR.KZ

Тағы бір жағдай, өзімнің сыныптасым қан қысымы төмендеп кеткенін айтып жүрген болатын. Қымыз ешуге кеңес беріп едім, одан да жүз грамм ішкенім артық деп алғашында көнбеді.

Кейін келді, қазір тұрақты клиентім. Спирттік ішімдіктен мүлдем бас тартқан. Айта берсем, мұндай жағдайлар көп», — дейді Тұрлыбек мырза.

Сондай-ақ, ол қымыз бірінші кезекте иммунитетті жоғарылатып, адам ағзасын жасартуға үлкен көмегін тигізеді деп отыр.

пукапи

Фото: NUR.KZ

«Қымызды отбасымызбен ішеміз. Алғашқы тұтынушыларым үйдің кішкентайлары. Күбіні құшақтап алады кейде (күліп).

Үйде қымыз үзілген емес. Шүкір, ауыр-сырқаттан аманбыз. Қыстың күндері өзгелер тұмауратып жатса, біз жөтеліп көрген емеспіз.

Туыстарым да жиі алдыртып жатады. Қымыз білген адамға дәрумендерге толы таптырмас сусын ғой», — деп сөзін түйді қымыз бизнесін дөңгелетіп отырған азамат.

comments powered by HyperComments