Домой Новости Әсет Исекешев астаналықтарға үндеу жасады

Әсет Исекешев астаналықтарға үндеу жасады

Астананың бұрынғы әкімі Әсет Исекешев Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында елорда тұрғындарына алғыс айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  «Құрметті достар, астаналықтар! Жылы тілектеріңіз бен екі жылдан аса уақытта қаланың дамуына үлес қосқандарыңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Сіздердің өтініштеріңіз, ескерту мен ұсыныстарыңыз Астананы ыңғайлы әрі әдемі қылуға көмектесті. Сіздер және сүйікті астанамызға саулық пен гүлдену тілеймін «, — деп жазды Исекешев. Еске сала кетейік, Әсет Исекешев Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Бұл қызметтегі Әділбек Жақсыбеков «Цесна» корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Ал бұрынғы қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Астана қаласы әкімі болды.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/aset-isekeshev-astanalyiktarga-undeu-jasadyi-291926/

comments powered by HyperComments