Домой Новости Ұлттық ұлан полковнигі Астана-Дубай рейсінде жолаушыны өлімнен арашалап

Ұлттық ұлан полковнигі Астана-Дубай рейсінде жолаушыны өлімнен арашалап

ҚР Ұлттық ұлан полковнигі Астанадан Дубайға ұшып бара жатқан жолушының өмірін құтқарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық ұлан баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Серік Омарбаевтың айтуынша, ұшу кезінде жолаушылардың бірі әлсіреп қалған.  «Түн болғандықтан ұшақта көбі ұйықтап жатқан. Көмек сұраған айғайды естігенімде әйелге жетіп бардым, клиникалық өлім жағдайында екен. Қуанышқа орай, бортта алғашқы көмек көрсетуге қажет барлық құрал бар екен.  Реанимациялық әрекеттер шамамен жарты сағатқа созылды. Дубайға жеткенге дейін әйел есін жинап үлгерді. Біз оны кардиология бригадасына тапсырдық, олар әуежайдан күтіп алды», — дейді Ұлттық ұланның медицина қызметі полковнигі Серік Омарбаев.  Ұшақта кеңістіктің аздығы және алғашқы көмек көрсету үшін классикалық жағдайдың болмауына қарамастан, офицер жасанды өкпенің желдетуін және жасанды жүрек массажын жасады. «Мұндай жағдайларда алғашқы көмек көрсету әрқайсымыздың, әсіресе ақ киімді және погоны бар адамдардың міндеті. Мұндай жағдай өмірімде бірінші рет болып тұр. Әрине, жағдайын жақсарту үшін бар күш-жігерім мен білімімді салдым», — деді Серік Омарбаев. Әйелді дәрігерлер қолына өткізгеннен кейін, оған туа біткен жүрек ауруы диагнозы қойылды. Бүгінде оның өміріне қауіп жоқ. «Лайнер бортында бұл адам болмағанда, жағдайдың қалай ушығарын да болжай алмаймын. Ол өз жұмысының маманы, өте сақ, мейірімді, мұқият, әрдайым көмекке келетін дәрігер», — деді құтқарылған жолаушы Наталья Попова.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/ulttyik-ulan-polkovnig-astana-dubay-reysnde-jolaushyinyi-291925/

comments powered by HyperComments