Домой Новости Елімізде араққа сұраныс төмендеп, сыра ішетіндер көбейген

Елімізде араққа сұраныс төмендеп, сыра ішетіндер көбейген

Қазақстанда араққа деген сұраныс төмендей бастаған. Ал сыраға, керісінше, өскен деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: aif.ru

Көрнекі фото: aif.ru

Мұндай ақпаратты «ҚазАлко» ассоциациясының президенті Әмірхан Қалиев мәлім етті. Айтуынша, араққа деген сұраныс еліміз тәуелсіздік алғалы бері төмендеп келеді.

Салалық кәсіпорындар саны да біршама азайған. Мәселен 2000-шы жылдары 52 болса, қазір небәрі 14-15 екен.

Маман алкогольдік ішімдік сатылымының әлсіреуін халықтың ұлттық дәстүрге бет бұра бастауымен байланыстырады.

«Соңғы уақытта еліміздегі тойлар алкогольсіз өтетін болған», — дейді ұйым басшысы.

Алайда, қазақстандықтар сыраны көбірек сатып алатын болған дейді маман.

comments powered by HyperComments