Домой Новости Қазақстанда көшеде темекі тартуға тыйым салынуы мүмкін

Қазақстанда көшеде темекі тартуға тыйым салынуы мүмкін

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске өзгерістер енгізілуде. Ол өзгерістерге сәйкес, далада темекі шегу қоғамдық тәртіпті бұзу болып саналмақ. Бұл туралы қазіргі таңда қаралып жатқан жоба тұжырымдамасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Қазақстанда көшеде темекі тартуға тыйым салынуы мүмкін

Көрнекі сурет: nuz.uz

Жаңартылған «Денсаулық туралы» кодекс тұжырымдамасын талқылау 25 қыркүйекке дейін жалғаспақ. Сол уақытқа қарай жаңа тұжырымдамада қазақстандықтардың көшеде темекі тартуына тыйым салынған-салынбағаны нақты белгілі болады.

Кодекстің ескі нұсқасы бойынша темекі шегушілер «темекі түтінінен азат аумақ» деген жазу жоқ жердің барлығында темекі шеге алады. Ал ондай аумақтарға барлық муниципальды ғимараттар, қоғамдық көліктер, үй подъездері және қоғамдық пайдалануға берілген өзге де ғимараттар жатады.

Алайда жаңа тұжырымдамаға сәйкес, қоғамдық орындар санатына көше де кіретін болады. Дәл осы жайт темекі шегушілерге бірқатар қиындықтар тудыруы мүмкін.

Сонымен бірге, жастардың өміріне зиян тигізетін фастфудтың жарнамасына да тыйым салу туралы ұсыныс айтылған.

comments powered by HyperComments